Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің финалына шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласындағы WTA турнирдің финалына жолдама алды. Әлемдік рейтингтің 9-шы сатысында тұрған отандасымыз жартылай финалда италиялық Жасмин Паолинимен (WTA №8) күш сынасты. 

Кездесу толық Рыбакинаның бақылауында өтті. Бірінші сетте ол қарсыласының брейк-пойнттарын тиімді пайдаланып, 6:3 есебімен алға шықты. Екінші партияда қазақстандық теннисші тіпті бірде-бір гейм бермей, 6:2 нәтижесімен матчты аяқтады.

Рыбакина финалда ресейлік жұп Диана Шнайдер мен Екатерина Александрова арасындағы жеңімпазбен сынға түседі. 

Нинбодағы WTA турнирінің жалпы жүлде қоры — 1 064 510 доллар.

Финалда жеңіске жеткен теннисші 164 000 АҚШ долларын иеленіп, 500 рейтингтік ұпай алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір