Александр Бублик Австриядағы турнирде ширек финалдан сүрінді

Спорт журналисі

Венада өтіп жатқан ірі турнирдің жартылай финалына Синнер шықты.

Александр Бублик Австриядағы турнирде ширек финалдан сүрінді
Сурет: ашық дереккөздерден

Ширек финалда әлемнің екінші ракеткасы Қазақстан атынан өнер көрсеткен Александр Бубликті 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Ойын 1 сағат 18 минутқа созылды.

Матч барысында Синнер 8 мүмкіндіктің екеуінде брейк-пойнтті іске асырып, 8 эйс соқты. Ал Бубликтің еншісінде — 9 эйс және 4 қос қателік бар.

Финалға жолдама үшін Синнер Австралия теннисшісі Алекс де Минаурмен кездеседі.

Кездесулер тарихы

Синнер мен Бубликтің өзара кездесулер есебі — 5:2, италиялықтың пайдасында. Биыл олар үш рет ойнады: Синнер «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында және US Open жарысының төртінші айналымында жеңіске жетті. Ал Бублик Галледе өткен жарыстың екінші айналымында басым түсті.