Қазақстандық теннисші Australian Open-нің жартылай финалында сүрінді

Сарапшы, спорт журналисі
Қазақстандық теннисші Australian Open-нің жартылай финалында сүрінді
Заңғар Нұрланұлы

Қазақстандық теннисші Зангар Нұрланұлы (ITF Juniors рейтингінде 12-орын) юниорлар арасындағы Australian Open–2026 турнирінде жекелей сында жартылай финалға дейін жетті.

Жартылай финалда 17 жастағы қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте 8-орында тұрған америкалық Китон Хэнспен кездесті. Кездесу барысында Нұрланұлы қарсыласына екі сетте жол берді — 3:6, 2:6.

Осылайша, Зангар Нұрланұлы Қазақстан теннисі тарихында юниорлар арасындағы Australian Open турнирінің жекелей сынында жартылай финалға шыққан алғашқы отандасымыз атанды. Бұл — қазақстандық жас теннис үшін тарихи жетістік.

Айта кетейік, турнир барысында Зангар бірқатар мықты қарсыласты жеңіп, сенімді ойын өрнегін көрсетті. Ол алғашқы кезеңдерде тайландтық Кунанан Пантараторнды — 6:2, 6:1, австралиялық Таики Такидзаваны — 7:5, 1:6, 6:3, ресейлік Савва Рыбкинді — 6:1, 6:4 есебімен ұтты. Сондай-ақ Гонконг өкілі Кай Томпсонмен өткен тартысты матчта соңына дейін күресіп, турнирдің шешуші сәттерінде тәжірибе жинады.

Жартылай финалдағы жеңіліске қарамастан, Зангар Нұрланұлының бұл нәтижесі оның болашағынан үлкен үміт күттіретінін көрсетеді және қазақстандық теннистің дамуына жаңа серпін берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір