АТР-1000 санатындағы турнир 4 мен 15 наурыз аралығында өтеді. Аталған додада ел намысын екі бірдей теннисшісіз қорғамақ.
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін ATP 1000 санатындағы турнирдің жеребесі тартылды. Аталған жарыста қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченко да өнер көрсетеді.
Әлемнің оныншы ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымды өткізіп, жарысты екінші кезеңнен бастайды. Ол екінші айналымда әлемдік рейтингте 145-орында тұрған америкалық Майкл Чжэн мен ATP рейтингінің 76-сатысындағы франциялық Артур Казо арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Ал әлемнің 77-ракеткасы Александр Шевченко турнирді бірінші айналымнан бастайды. Ол алғашқы кезеңде іріктеу сынынан өткен теннисшілердің бірімен ойнайды.
Индиан-Уэллстегі турнир 4–15 наурыз аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры шамамен 9,5 миллион долларды құрайды.
Оқи отырыңыз:
ӘЧ-да бес алтын алған жерлесіміз әсерімен бөлісті (ВИДЕО);
Головкиннің бапкері Төрехан Сабырханды бір сынап көрді (ВИДЕО)