Рыбакина Путинцеваны жеңгені үшін қанша ақша алды?
Турнирдің екінші айналымында әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина отандасы Юлия Путинцеваны (75-орын) жеңіп, келесі кезеңге өтті. Қорытынды есеп - 6:3, 6:3.
Vesti.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Miami Open турниріндегі жолын сәтті бастады.
Турнирдің екінші айналымында әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина отандасы Юлия Путинцеваны (75-орын) жеңіп, келесі кезеңге өтті. Қорытынды есеп - 6:3, 6:3.
Бұл матч Рыбакина үшін турнирдегі алғашқы ойын болды.
Қанша табыс тапты?
Екінші айналымдағы жеңісі үшін Елена Рыбакина:
- 61 865 АҚШ доллары көлемінде сыйақы
- 65 рейтингтік ұпай иеленді.
Турнирдің жалпы жүлде қоры
2026 жылғы Miami Open турнирінің жүлде қоры — 9 415 725 доллар.
Жарыс жеңімпазы:
- 1 151 380 доллар табыс табады
- 1000 рейтингтік ұпай алады
Айта кетейік, турнирдің қазіргі чемпионы — әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь теннисшісі Арина Соболенко.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet