Қазақстандық вундеркинд финалдан бірақ шықты
ATP рейтингінде 771-орынға ие Әмір Омарханов Монастир қаласында ITF сериясындағы турнирдің финалына жолдама алды.
instagram/@_maesroamir_
Омарханов жартылай финалда неміс теннисшісі Лукас Видеманға (ATP рейтингіндегі орны 839) қарсы тұрды. Тартысты матч үш сетке ұласты — 6:4, 5:7, 7:6 (8:6).
Әмір кейін тағыбір жартылай финалдық ойынын өткізеді. Бұл жолы ол жұптық сында өнер көрсетеді.
Еске салсақ, 18 жастағы теннисші ересектер арасында үш титулға ие болған. Ол Тунисте жекелей және жұрптық бәсекеде топ жарса, сонымен бірге испаниялық Манакорда жұптық сында үздік атанды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet