Елена Рыбакина Майамиде ширек финалға шықты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі беделді WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Сенсация жасаған қарсыласы тізе бүкті 

Елена Рыбакина Miami Open 2026 турнирінің төртінші айналымында Австралия өкілі Талия Гибсонды екі сетте жеңді. Есеп 6:2, 6:3. Осылайша әлемдік рейтингте екінші тұрған қазақстандық теннисші жарыстың ширек финалына шықты.

Рыбакинаның бұл жеңісі ерекше назар аудартады. Себебі австралиялық Талия Гибсон Майами корттарында бірнеше сенсациялық нәтиже тіркеген. Ол турнир барысында грузиялық Екатерина Горгодзені, өзбекстандық Камилла Рахимованы, чехиялық Сара Бейлекті, жапониялық жұлдыз Наоми Осаканы және америкалық Ива Йовичті жеңген. 

Майамидегі қатарынан үшінші жеңіс

Ал қазақстандық теннисші алғашқы кезеңдерде отандасы Юлия Путинцеваны (6:3, 6:3) және украиналық Марта Костюкті (6:3, 6:4) ұтқан.

Енді Рыбакина Майами турнирінің ширек финалында әлемнің бесінші ракеткасы, АҚШ теннисшісі Джессика Пегуламен кездеседі.

Пегула 1/8 финалда румыниялық Жаклин Кристианды жеңіп, келесі кезеңге өткен.

Miami Open 2026 жүлде қоры қанша?

Биылғы Miami Open 2026 турнирінің жалпы жүлде қоры 9 415 725 доллар.

Ал әйелдер арасындағы жекелей сында чемпион атанған теннисші:

  • 1 151 380 доллар сыйақы алады,
  • сондай-ақ 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір