Соболенка себеп. Рыбакина ірі турнирдің финалына шыға алмады
Отандасымыз Miami Open WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Арина Соболенкоға 2 сетте жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Miami Open WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты.
Отандасымыз финалға жолдама алу үшін әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездескен болатын. Бірақ тартысты өткен матч екі сетке ғана созылды. Беларусь теннисшісінің пайдасына шешілді – 6:4, 6:3. Осылайша Соболенко финалға жолдама алды.
Финалда кімдер кездеседі?
Енді Арина Соболенко финалда америкалық Кори Гауффпен (4-орын) кездеседі.
Егер беларусь теннисшісі жеңіске жетсе, ол Miami Open турнирінің чемпионы атанып, титулын қатарынан екінші жыл қорғайды.
Сонымен қатар, 1 151 380 доллар мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Рыбакина қанша табыс тапты?
Жартылай финалға дейін жеткен Елена Рыбакина:
- 340 190 АҚШ доллары көлемінде сыйақы
- 390 рейтингтік ұпай иеленді.
Рыбакина турнирде кімді жеңді?
Қазақстандық теннисші финалға дейінгі жолда бірнеше мықты қарсыласты жеңді:
- Юлия Путинцева (Қазақстан)
- Марта Костюк (Украина)
- Талия Гибсон (Австралия)
- Джессика Пегула (АҚШ)