Рыбакина мен Соболенко тағы кездеседі. Бұл жолы кім жеңеді?

Сарапшы, спорт журналисі

Miami Open турнирінің жартылай финал жұптары анықталды.

Рыбакина мен Соболенко тағы кездеседі. Бұл жолы кім жеңеді?
NUR.KZ

АҚШ-та өтіп жатқан беделді WTA 1000 Miami Open турнирінің жартылай финал жұптары белгілі болды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина финал жолдамасы үшін әлемнің бірінші теннисшісі Арина Соболенкомен кездеседі.

Жартылай финал жұптары

Турнирдің шешуші кезеңіне төрт мықты теннисші шықты:

  • Кори Гауфф (АҚШ, 4-орын) — Каролина Мухова (Чехия, 14-орын)
  • Елена Рыбакина (Қазақстан, 2-орын) — Арина Соболенко (Беларусь, 1-орын)

Бұл матчтар турнирдің басты интригасына айналып отыр.

Рыбакина — Соболенко: басты текетірес

Екінші жартылай финалда Рыбакина мен Соболенко арасындағы кездесу ерте финал ретінде бағалануда. Екі теннисші де қазіргі әйелдер теннисінің көшбасшылары саналады.

Айта кетейік, Арина Соболенко — турнирдің қазіргі чемпионы. Ол өткен жылы финалда америкалық Джессика Пегуланы 7:5, 6:2 есебімен жеңген болатын.

Турнир жүлдесі қандай?

2026 жылғы Miami Open турнирінің жалпы жүлде қоры:

  • 9 415 725 доллар

Жеңімпаз:

  • 1 151 380 доллар алады
  • 1000 рейтингтік ұпайға ие болады