Елена Рыбакина жаңа образда бой көрсетті (ФОТО)

Спорт шолушысы

Қазақстанның бірінші ракеткасы "Ролан Гаррос-2026" турнирінде киетін жаңа спорттық формасын көрсетті.

Елена Рыбакина жаңа образда бой көрсетті (ФОТО)
Instagram/@lenarybakina

Танымал теннисшінің жаңа экипировкасының фотосуреттерін оның техникалық демеушісі — Yonex бренді ұсынды. Жаңа форма негізінен ақ түсте жасалған. Ал дизайнды ерекше етіп тұрған бөлшектер — жиектеріндегі қызғылт сары және қара түсті элементтер.

Римдегі турнирден кейін Парижге дайындалуда

Жақында Елена Рыбакина Италия астанасында WTA 1000 санатындағы турнирдегі өнерін аяқтады. Қазақстандық теннисші ширек финалда украиналық Элина Свитолинамен кездесіп, үш сет қорытындысы бойынша жеңіліп қалды.

Былтырғы "Ролан Гарроста" қай кезеңге дейін жетті?

Айта кетейік, Рыбакина былтырғы Үлкен дулыға додасында ширек финалға бір қадам қалғанда жарыс жолынан шыққан еді. Төртінші айналымда Ига Швентектен жеңілді.