Юлия Путинцева Франциядағы турнирдің іріктеу финалына өтті
Ол Страсбург WTA 500 санатындағы турнирдің іріктеу кезеңін сәтті өткізіп жатыр.
instagram/yulia_putintseva
Путинцева жартылай финалда хорватиялық Антония Ружичты 6:4, 6:3 есеппен жеңді. Осылайша қазақстандық теннисші іріктеу финалына жолдама алды. Енді негізгі кезеңге шығу үшін әлем рейтингінде 68-орында тұрған украиналық Александра Олейниковамен кездеседі.
Турнир туралы
Страсбургтегі турнир 17-23 мамыр аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 1,2 миллион доллардан асады. Турнирдің былтырғы чемпионы Елена Рыбакина.
Рыбакина финалдық кездесуде ресейлік Людмила Самсоновадан басым түскен. Страсбургтегі жеңісі үшін 142 610 еуро және 500 ұпайға ие болды. Дегенмен әлемнің екінші ракеткасы биылғы жарысқа қатыспайды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet