Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Александр Шевченко Стокгольмде екінші айналымға шықты

Қазақстандық теннисші Стокгольмдегі ATP 250 турнирін сенімді жеңіспен бастады.

Александр Шевченко Стокгольмде екінші айналымға шықты
nur.kz

Әлемдік рейтингте 107-орында тұрған Қазақстан өкілі дүниежүзінің 61-ракеткасы Адриан Маннариномен кездесті. Бір сағат 10 минутқа созылған матч 6:1, 6:3 есебімен Шевченконың пайдасына аяқталды. Қазақстандық теннисші екі партияда да басым түсіп, қарсыласына барлығы төрт гейм ғана берді.

Бұл жеңіс Шевченкоға екінші айналымға шығумен қатар, Маннаринодан қарымта қайтаруға мүмкіндік берді. Қос теннисшінің 2023 жылғы Уимблдон турниріндегі кездесуінде франциялық 6:3, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Енді Александр Шевченко норвегиялық Каспер Руудпен кездеседі. Осы матчтың жеңімпазы Стокгольм турнирінің ширек финалына шығады.

Бұл туралы не ойлайсыз?