Қазақстандық теннисші жартылай финалға жолдама алды
18 жастағы Соня Жиенбаева қазір Мадридте өтіп жатқан турнирде өнер көрсетіп жатыр.
Sportburo.kz
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева ITF W15 сериясындағы турнирдің жартылай финалына шықты.
WTA рейтингі бойынша 781-ші орындағы Жиенбаева ширек финалда америкалық Эми Жумен (532 WTA) кездесіп, 7:6 (7:0), 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Енді алдағы жартылай финалдық кездесуде отандасымыз швейцариялық Дженни Дерстпен шеберлік байқасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet