Жібек Құламбаева теннис турнирінің ақтық сынына жолдама алды
Жерлесіміз итальялық Николь Фосса Уергомен бірге Аргентинадағы ITF W50 турнирінің финалына өтті
Inbusiness.kz
Қазақстандық Жібек Құламбаева итальялық Николь Фосса Уергомен бірге Аргентинадағы ITF W50 турнирінің финалына өтті.
Жартылай финалда бұл жұп Элени Христофи (Грекия) – Юки Наито (Жапония) дуэтін 5:7, 6:4, 10:8 есебімен жеңді.
Енді Жібек пен Николь ақтық сында жарыстың бірінші нөмірлі жұбы Мария Перес Гарсия (Колумбия) – Аврора Зантедешипен (Италия) шеберлік байқасады.
Айта кетейік, жекелей сында Жібек испан теннисшісіне есе жіберіп, финалға өте алмай қалған болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet