Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бейбіт Жұқаев Шанхайдағы турнирдің іріктеу кезеңінен өтті

Сарапшы, спорт журналисі
01.10.2024, 13:50

Осылайша, отандасымыз Шанхайдағы ATP «Мастерс» 1000 турнирінің негізгі кезеңінде екінші рет өнер көрсеткелі жатыр. 

Бейбіт Жұқаев Шанхайдағы турнирдің іріктеу кезеңінен өтті
SN.kz

Бейбіт Жұқаев (196 АТР) өз мансабында екінші рет Шанхайдағы ATP «Мастерс» 1000 турнирінің негізгі жарыс кестесіне жолдама алды. 

Қазақстан теннис федерациясы келтірген мәліметке сәйкес, іріктеудің шешуші кездесуінде Жұқаев британдық Билли Харристы (104 АТР) жеңген. Есеп - 7:5, 2:6, 6:4. 

Бейбіт Жұқаев алғашқы айналымда кіммен кездесетіні әзірге белгісіз. 

Айта кетейік, Шанхайдағы «Мастерс» турнирі Бейбіт үшін ең сәтті додалардың бірі саналады. Былтыр ол чех Доминик Паланнан басым түсіп, негізгі сынға өткен еді.
 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір