Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әлемнің бұрынғы 1-ракеткасы допинг дауына ілікті

Редактор Penalty.kz
29.11.2024, 12:32

27 қараша күні спортшы допингіге қарсы ережені бұзғанын мойындады. 

news.sportbox.ru
news.sportbox.ru

Әлемнің бұрынғы 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің бес дүркін чемпионы Ига Швёнтек допинг дауына ілікті. 

Сhampionat.com мәліметі бойынша АҚШ ашық чемпионатынан кейін үзіліс алған поляк спортшысы Эр-Риядтағы қорытынды турнирге ғана қатысып, онда топтан шыға алмады. Сөйтіп әлемдік рейтингіде беларусь Арина Соболенконы алға жіберіп, өзі екінші орынға ығысқан.

Теннис әділдігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық агенттік (ITIA) хабарлағанындай, Ига Швёнтектен бірінші ракетка болып тұрған кезде, тамызда жарыстан тыс уақытта алынған талдау оның ағзасында тыйым салынған триметазидин бар екенін көрсеткен. Бұл теннисшінің уақыт белдеуін ауыстыруға байланысты ұйқыға қатысты мәселе туындағаннан кейін Польшада өндірілген мелатонинді білмей қабылдағаннан болған.

Теннисшінің аздаған кінәсі және салғырт қарағандығынан деп есептеген ITIA оны бір ай мерзімге шеттетуді ұсынды. 27 қараша күні спортшы допингіге қарсы ережені бұзғанын мойындап, санкцияны қабылдады. 

Бұл теннис әлеміндегі бірінші допинг дауы емес. Биыл әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнер осындай күйге ұшыраған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір