Қазақстанның бірінші ракеткасы жартылай финалға шықты

Футбол шолушысы

Халықаралық турнир Мексикада өтіп жатыр. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы жартылай финалға шықты
BasSport.kz

18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Әмір Омарханов Мексикадағы ITF Juniors J500 турнирінің жартылай финалына шықты. 

Әлемдік рейтингіде 19-орында тұрған Әмір 49-ракетка америкалық Бенджамин Вилаерттен басым түсті. Қорытынды есеп - 6:3, 6:3. 

Енді отандасымыз жасөспірімдер арасында әлемнің 28-ракеткасы саналатын франциялық Томас Фурелмен финалдық жолдаманы сарапқа салады.