Әмір Омарханов халықаралық турнирде топ жарды

Сарапшы, спорт журналисі

Жарыс Мексикада өтті. 

Әмір Омарханов халықаралық турнирде топ жарды
BaigeNews.kz

Мексиканың Мерида қаласында жасөспірімдер арасында бірінші санаттағы ITF J500 турнирі өз мәресіне жетті.

18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында Қазақстанның 1-ракеткасы Әмір Омарханов ресейлік Тимофей Дерипаскомен жұптық сында жеңімпаз атанды.

Аталған дуэт финалдық кездесуде жарыстың 1-ракеткалары чехиялық Петр Брунлик/ұлыбританиялық Чарли Робертсонды тізе бүктірді. Қорытындысы – 6:4, 6:1.

Айта кетейік, Әмір Омарханов жекелей сында жартылай финалға дейін жетті. Финалдық ойын сарапқа салынған матчта отандасымыз франциялық Томас Фурелге есе жіберді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір