Теннисші Денис Евсеев Гонконгтағы турнирді сәтті бастады
Қазақстандық теннисші жаңа маусымдағы ATP-250 турнирінде Чили өкілі Кристиан Гаринді жолдан тайдырды.
informburo.kz
Бірінші партияда Денис 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде Гарин қарымта қайырды - 6:2.
Шешуші, үшінші сетті Евсеев жеңіспен түйіндеді - 6:2.
Осылайша Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалына жолдама алды. Келесі қарсыласы италиялық Франческо Пассароны жеңсе, негізгі додаға қосылады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet