ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

United Cup. Қазақстан - Грекия матчында ірі сенсация тіркелді

Бүгін теннистен Сидней және Перт (Австралия) қалаларында United Cup аясында Қазақстан - Грекия матчтық кездесуі басталды. 

United Cup. Қазақстан - Грекия матчында ірі сенсация тіркелді
sports24.kz

Бірінші болып ерлер сынға түсті. Қазақстандық Александр Шевченко (ATP рейтингтегі орны) кортта грекиялық теннисші Стефанос Циципасқа (11-ші орын) қарсылас атанды. Ойын нәтижесінде Шевченко қос партияда (6:4, 7:6) сенсациялық жеңіске жетті. Матч 1 сағат 52 минутқа созылды.

Еске сала кетсек, Қазақстан "С" тобында өнер көрсетеді. Бұған дейін отандастырымыз Испанияның (2-1) мысын басқан. United Cup турнирінде ұлттық құрама намысын Александр Шевченкодан бөлек, Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Дмитрий Попко және команда капитаны Александр Недовесов қорғап жатыр. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.