ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Елена Рыбакина Қазақстанды ширек финалға шығарды

Теннистен United Cup турнирінде Австралияның Перт қаласында Қазақстан—Грекия матчтық кездесуі аяқталды. 

Елена Рыбакина Қазақстанды ширек финалға шығарды
newtimes.kz

Кортқа Қазақстанның бірінші ракеткасы және WTA рейтингінде алтыншы нөмірге ие Елена Рыбакина шықты. Оның қарсыласы әлемнің экс-үшінші ракеткасы Мария Саккари (WTA № 32) болды. Рыбакина қос сет қорытындысында 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан мерзімнен бұрын United Cup турнирінің ширек финалына жолдама алды. 

Бұған дейін Александр Шевченко Грекияға қарсы кездесуде Стефанос Циципастан басым түсіп, Қазақстанды алға шығарған. Ал мұның алдында ұлттық құрама испаниялықтардан айласын асырды (2:1).

Кейін аралас жұптар арасында матч өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?