Қазақстан United Cup турниріндегі жарысын аяқтады

Сарапшы, спорт журналисі

Теннистен United Cup турнирінің жартылай финалында Қазақстан мен Польша арасында матчтық кездесу өтті. 

Қазақстан United Cup турниріндегі жарысын аяқтады
fanday

Бірінші болып кортқа Александр Шевченко (ATP рейтингтегі орны 78) шықты. Оның қарсыласы Хуберт Хуркач (16-шы орын) болды. Матч 6:3, 6:2 есебімен польшалық теннисшінің пайдасына шешілді. 

Ал Елена Рыбакина (WTA рейтингтегі орны 6) Ига Швёнтектен (2-ші орын) 6:7, 4:6 нәтижесімен жеңіліп қалды. 

Осылайша Польша Қазақстаннан екі матчта басым түсіп, турнирдің финалына өтті. 

Еске сала кетсек, Қазақстан топтық кезеңді екі жеңістен бастаған (Испании 2:1 және Грекия 3:0), ал ширек финалда  Германиядан (2:1) мықты болды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір