Зарина Дияс Таиландтағы турнирді сәтті бастады
Осылайша, жарыстың негізгі кезеңіне жолдама алды.
olympic.kz
Әлемнің 381-ракеткасы Зарина Дияс Нонтхабуриде ( Таиланд) өтіп жатқан ITF W75 турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.
Қазақстандық теннисші бірінші матчта әлемдік рейтингіде 1 358-орында тұрған Вера Дипоемді 6:1, 6:1 есебімен жеңді.
Содан кейін рейтингіде 393-сатыдағы үндістандық Вайдехи Чаудхариді жолдан тайдырды – 4:6, 6:2, 7:5.
Осылайша, негізгі жарысқа жолдама алған Зарина Дияс алғашқы айналымда әлемнің 310-ракеткасы, америкалық Анна Роджерспен кездеседі. Бұл матч 8 қаңтарға белгіленген.
Айта кетейік, Ноутхабури жарысы 12 қаңтарға дейін жалғасады. Оның жүлде қоры 60 мың доллар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet