Михаил Кукушкин Australian Open турнирінің іріктеуінде ойсырай жеңілді

Футбол шолушысы

Теннистен Австралия ашық чемпионатын іріктеу кезеңінен бастаған қазақстандық Михаил Кукушкин бірінші айналымнан арі аса алмады.

Михаил Кукушкин Australian Open турнирінің іріктеуінде ойсырай жеңілді
ulyssport.kz

Эстониялық Марк Лаялмен кездескен отандасымыз 0:6, 2:6 есебімен ойсырай жеңілді. Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте 109-орында тұрса, оның эстониялық қарсыласы 234-сатыда.

Бүгін Австралиядағы кортқа тағы бір қазақстандық теннисші Дмитрий Попко шығады. Оның қарсыласы Гонконг өкілі Чак Лам Колман Вонг.