Қазақстанның екінші ракеткасы байрақты турнирде жеңіліс тапты
Юлия Путинцева Әбу-Дабидегі WTA 500 турнирінің жұптық бәсекесін сәтсіз бастады.
ehonews.kz
Путинцева чехиялық Линда Носковамен алғашқы айналымда турнирдің бірінші ракеткалары Елена Остапенко (Латвия) / Эллен Перес (Австралия) — 2:6, 4:6 есебімен жол берді.
Айта кету керек, сонымен қатар Юлия Путинцева Әбу-Даби турнирінің жекелей сынында өнер көрсетеді. Ол екінші айналымнан бастап кортқа шығады. Қарсыласы Маркета Вондроушова (Чехия, №37 WTA) — Эмма Радукану (Британия, №56) арасындағы кездесуден соң белгілі болады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet