Тимофей Скатов Үндістандағы турнирді сәтті бастады
Қазақстандық теннисші Ченнаи ATP 250 турнирінің екінші айналымына шықты.
elorda.info
Әлемнің 202-ракеткасы Чехия өкілі Гинек Бартонмен шеберлік байқасты. Матч 1 сағат 26 минутқа созылып 6:4, 6:4 есебімен Скатовтың жеңісімен аяқталды. Тимофейге екінші айналымда ресейлік теннисші Аслан Карацев қарсы тұрады.
Еске сала кетейік, Тимофей Скатов — Петропавл тумасы. Ол балалық шағында ата-анасымен бірге Ресейге көшіп кеткен. 2016 жылы Ресей құрамасы сапында жасөспірімдер Дэвис Кубогын жеңіп алды.
Скатов 2018 жылы 17 жасында Қазақстан азаматтығын алды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet