![Елена Рыбакина Әбу-Дабиде камбэк жасады](https://penalty.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/05/67a362809618f162265459.jpeg)
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Әбу-Даби WTA 500 турнирін сәтті бастады.
Рыбакина турнирді екінші айналымнан америкалық Кэти Волынецке (WTA рейтингтегі 68-орын) қарсы бастады. Қазақстандық теннисші алғашқы сетте күтпеген жерден – 2:6 есебімен жеңіліп қалды. Ал екінші партияны жинақы ойнап қарсыласын 6:4 нәтижесімен тізе бүктірді. Ал шешуші сетте дәл осы есеп қайталанды.
Камбэк жасаған Елена ширек финалға жолдама алды. Оның қарсыласы жапониялық Сонобэ Вакана мен Тунис өкілі Онс Жабер арасындағы кездесуде анықталады.
Еске сала кетсек, Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің қазіргі чемпионы саналады. Ол былтыр финалда ресейлік Дарья Касаткинадан 6:1, 6:4 есебімен басым түскен. Abu Dhabi Open-нің биылғы жүлде қоры 1 064 510 долларға тең.