Қазақстандық теннисші Олимпиаданың күміс жүлдегерін тізе бүктірді
Тимофей Скатов Ченнаидегі "Челленджер" турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда ресейлік Аслан Карацевтен 6:4, 7:5 есебімен басым түсті. Енді оның ширек финалдағы қарсыласы британиялық Билли Харрис болады.
Аслан Карацев – танымал ресейлік теннисші
Әлемдік рейтингі: Бұрынғы 14-ракетка.
Миксттегі жетістіктері:
- 2020 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
- 2021 жылғы Франция ашық чемпионатының (Ролан Гаррос) финалисі.
ATP турнирлері:
- Төрт ATP турнирінің жеңімпазы (үшеуі жекелей сында).
Ұлттық құрама жетістіктері:
- 2021 жылы Ресей құрамасы сапында "Дэвис Кубогы" мен ATP кубогының иегері.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.