Елена Рыбакина Дохадағы турнирде алғашқы матчын өткізді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингтегі 7-орын) Қатардағы чемпиондық атақты қорғап қалмақ.
championat.com
Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастады. Оған америкалық Пейтон Стернс (47-орын) қарсылас болды. Қазақстандық теннисші — 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, 1/8 финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, Елена Рыбакина осы турнирдің қазіргі чемпионы. Былтыр ол финалда польшалық Ига Швёнтектен (2-орын) — 7:6, 6:2 нәтижесімен басым түскен.
Турнирдің биылғы жүлде қоры $3 664 963 тең. Жекелей сындағы жеңімпаз $597 000 қоса 1000 рейтингтік ұпай еншілейді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet