Қазақстанның үздік теннисшісі турнир қожайынын қиналмай ұтты

Жекпе-жек шолушысы

Александр Бублик (ATP рейтингте 48-орын) Марсель ATP 250 турнирін сәтті бастады. 

Қазақстанның үздік теннисшісі турнир қожайынын қиналмай ұтты
zakon.kz

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда әйгілі француз Ришар Гаскемен (128-орын) ракетка түйістірді. Матч екі сетке созылып, 6:4, 6:4 есебімен Бубликтің пайдасына шешілді. 

Александр Марсельдегі турнирдің екінші айналымында Уго Умбермен кездеседі. Умбер жарыстың былтырғы чемпионы болып табылады.