Юлия Путинцеваның Дубайдағы ірі турнирде жолы болмады
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы ірі турнирдің алғашқы айналымында чехиялық Линда Носковамен тартысты матч өткізді.
BaigeNews.kz
Әлемнің 33-ракеткасы саналатын Носкова Путинцеваны екі сетте – 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды.
Носкова 1/16 финалда ресейлік Людмила Самсонова мен Анастасия Павлюченкова арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, WTA 1000 санатындағы Дубай турнирі 16-22 ақпан аралығында өтеді. Жарыстың қазіргі чемпионы – италиялық Жасмин Паолини саналады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet