Юлия Путинцева Дубайдағы WTA-1000 турнирінің екінші айналымына шықты
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева чехиялық Линда Носковамен бірге жұптық бәсекенің екінші айналымына шықты.
sportburo.kz
Юлия мен Линда алғашқы айналымда қытайлық Синью Ван / Сайсай Чжэн дуэтін 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 4 минутқа созылды.
Екінші айналымда Путинцева / Носкова жұбы турнирдің екінші нөмірлі дуэті – Габриэла Дабровски (Канада) / Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия) жұбымен кездеседі.
Айта кетейік, Юлия Путинцева жекелей разрядтағы кездесуінде дәл осы серіктесі Линда Носковадан жеңіліс тапқан болатын.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet