Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингі бойынша 7-орын) Дубайдағы WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында испаниялық Паула Бадосамен (10-орын) кездесті.
Рыбакина бірінші сетте үш геймге алға шыққанымен, басымдылығын сақтай алмады және 4:6 есебімен ұтылды. Бірақ екінші партияда ол төрт матч-пойнтты қайтарып, тай-брейкте жеңіске жетті – 7:6 (10:8). Шешуші сетте де қазақстандық теннисші тай-брейкте басым түсті – 7:6 (7:2).
Осы жеңістің арқасында Елена Рыбакина Дубай турнирінің ширек финалына жолдама алды. Ендігі қарсыласы – америкалық София Кенин (WTA рейтингінде 56-орын). Ол күтпеген жерден Италия өкілі Жасмин Паолиниді (4-орын) сенімді түрде жеңді – 6:4, 6:0.
2024 жылғы Дубай турнирінің жалпы жүлде қоры – 3 664 963 АҚШ доллары. Жеңімпаз 597 000 доллар және WTA рейтингінде 1000 ұпайға ие болады.