ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақстандық вундеркинд Тунисте өтетін турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық жас теннисші Амир Омарханов (ATP рейтингінде 1036-орында) Тунистің Монастир қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің ширек финалына жолдама алды. 

Қазақстандық вундеркинд Тунисте өтетін турнирдің ширек финалына шықты
Vesti.kz

Турнирдің екінші кезеңінде Омарханов итальяндық Лука Констаньолоны (ATP 738) сенімді түрде жеңді. Кездесу 7:5, 6:2 есебімен аяқталды.

Ширек финалда Омархановтың келесі қарсыласы француз Шарль Бертимон (ATP 1343) немесе турнирдің бірінші ракеткасы Том Гентц (ATP 472, Германия) болуы мүмкін.

Турнирдің жүлде қоры 15 мың долларға тең.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.