Қазақ қыздарын шабыттандырғым келеді – Елена Рыбакина

Сарапшы, спорт журналисі

Отандасымыз сондай-ақ, өзінің мықты және әлсіз тұстарын да атады. 

Қазақ қыздарын шабыттандырғым келеді – Елена Рыбакина
Vesti.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина өзінің корттағы мықты және әлсіз тұстарын атап, қазақ қыздарына жігер беретін үндеу жолдады.

Әлемнің 7-ракеткасы WTA-ның жаңа ребрендингіне арналған видеода өзінің бойындағы қасиеттер туралы ашық айтты.

"Мен кортта болғанда, өзімнің ең мықты нұсқама айналамын. Жеңіске жету үшін көп еңбек ету, жанкештілік пен психологиялық тұрғыда мықты болу қажет. Егер өзімді үш сөзбен сипаттасам: сабырлы, жігерлі және шешімдімін. Мен жас спортшыларды, әсіресе қазақстандық қыздарды шабыттандырғым келеді. Бұл – мен үшін өте маңызды", – деді Рыбакина.

Рыбакина WTA-1000 турнирінің финалына шыға алмады

Айта кетейік, 25 жастағы теннисші Дубайда өткен WTA-1000 турнирінің жартылай финалында сүрінді. Ол ресейлік Мирра Андреевамен (әлемнің 9-ракеткасы) кездесіп, 4:6, 6:4, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Жалпы, Рыбакина – Қазақстан тарихындағы ең үздік теннисші. Ол 2022 жылы Уимблдонды жеңіп, елдің бірінші "Үлкен дулыға" чемпионы атанған. Қазір де әлемдік элита қатарында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір