Қазақстандық теннисші "Джоковичтің қорқынышын" тас-талқан етті
Тимофей Скатов Грекияның Херсониссос қаласында өтіп жатқан Челленджер турниріндегі алғашқы кездесуін сенімді жеңіспен бастады.
Қазақстандық теннисші 1/16 финалда чехиялық Иржи Веселымен кездесті. Бастапқыда бұл тартысты матч болады деп күтілгенімен, Скатов қарсыласын аса қиналмай жеңді. Қорытынды есеп: 6:4, 6:4
Чехиялық неге Джокович үшін алынбайтын қамал?
Қызықты факт: Әлемнің 352-ракеткасы Иржи Веселы – теннис әлемінде Новак Джоковичке қарсы оң статистикасы бар ойыншы.
- Ол сербиялық аңыз ойыншыны алғаш рет 2016 жылы ATP 1000 Монте-Карло турнирінде жеңген
- Соңғы рет 2022 жылы Дубайда тағы да "Нолені" тізе бүктірген
- Джокович оған қарсы әлі бірде-бір рет жеңіске жеткен жоқ.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.