Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирдің 1/8 финалына жолдама алды
Отандасымыз украиналық теннисшімен шеберлік байқасады.
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің 1/8 финалына шықты.
Жарыстың алғашқы айналымында Омарханов италиялық теннисші Андреа Фиорентинимен кездесті. Екі сетке созылған тартысты матчта қазақстандық спортшы өз мықтылығын дәлелдеп, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Келесі қарсылас кім?
1/8 финал сатысында Әмір Омарханов украиналық Вадим Урсуға қарсы кортқа шығады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.