13 салмақ – 13 алтын. Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде қарсыластарын басып озды
Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан құрамасы ерлер арасында барлық 13 салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған дәстүрлі дода биыл 23-рет өтті. Бұл жолы да жарыс қожайындары өзгелерге мүмкіндік берген жоқ. Жас боксшыларымыз әр салмақта үздік шығып, ел үмітін ақтады.
Чемпион атанғандар:
- 48 кг – Нұрхан Құмарбеков
- 51 кг – Досымжан Таңатар
- 54 кг – Алдияр Баһадүр
- 57 кг – Дархан Үсен
- 60 кг – Әділет Тортубек
- 63,5 кг – Мұхит Нұрқабылұлы
- 67 кг – Сұлтан Тұрдәлі
- 71 кг – Ризат Тұрсынбек
- 75 кг – Жасұлан Бердәлі
- 80 кг – Игорь Соловьев
- 86 кг – Нұрсұлтан Қыстаубай
- 92 кг – Расул Асанханов
- +92 кг – Владислав Саможонов
Турнир аясында өткен қыздар бәсекесінде де жерлестеріміз жүлдесіз қайтқан жоқ. Қос бірдей алтынды ел қоржынына келесі былғары қолғап шеберлері салды:
- 57 кг – Жәнел Имантай
- 66 кг – Айсұлу Мұхит
Бұл туралы не ойлайсыз?