Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукас жекпе-жегі өтпейтін болды. Кім кінәлі?

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық боксшылар Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукас арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды. Бұл туралы Мұздыманның менеджері Уля Мұсаханова пікір білдіріп, басты себепті атады.

Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукас жекпе-жегі өтпейтін болды. Кім кінәлі?
Vesti.kz

Уля Мұсаханованың айтуынша, Fight Nights ұйымының басшысы Камил Гаджиев ұсынған 50 мың долларлық гонорарға қарамастан жекпе-жектің болу ықтималдығы өте төмен.

"Мен бұл жекпе-жек болады деп сенбеймін. Ангелина бір кездесуден әлдеқайда көп табыс табады. Ол Балаусамен ауыр айқасқа не үшін шығады, егер сол ақшаны жарнамалық келісімшарттан-ақ таба алса? Ол өз жолында нық тұр, қаржы жағынан да жақсы жағдайда", — дейді Мұсаханова.

Менеджердің сөзіне қарағанда Лукастың командасы келіссөздерге мүлдем қызығушылық танытпаған.

"Біз бұл жекпе-жекті ұйымдастыру үшін біраз әрекет жасадық. Бірақ Ангелина жағынан ешқандай жауап болмады. Сондықтан бұл кездесу үлкен ықтималдықпен болмайды", — деді Уля Мұсаханова. 

Соған қарамастан Балаусаның командасы жаңа маусымға жоспар құруын жалғастырып келеді. Алдағы уақытта ол тағы бір жекпе-жекке шығып, одан кейін титулдық айқастарға жол ашатын бірнеше кездесу өткізуді көздеп отыр.

Жекпе-жек тарихы: қайшылық қайдан шықты?

Мұздыман мен Лукас арасындағы даулы қарым-қатынас 2023 жылы VI жазғы Қазақстан Спартакиадасының ширек финалында басталған. Сол кезде 54 келіге дейінгі салмақта олар жылдың үздік жекпе-жегін өткізген. Жеңімпаз ретінде Мұздыман танылған соң, Лукас төрешілердің әділетсіздігіне наразылығын білдірген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір