Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Данияр Елеусінов UFC басшысы құрған лигада қашан дебют жасайтынын айтты

Редактор Penalty.kz
07.04.2025, 18:41

Олимпиада чемпионы TKO Boxing аясында жекпе-жекке жазда шығады.

NUR.KZ
NUR.KZ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өзінің жаңа жобадағы дебюті туралы мәлімдеді. Ол UFC президенті Дана Уайттың қатысуымен құрылған TKO Boxing лигасында өнер көрсетпек. 

“Жекпе-жек жаз мезгілінде жоспарланып отыр. Ресми ақпарат бойынша қыркүйекте басталады. Бірақ бейресми дерек бойынша, жекпе-жектер шілдеде-ақ өтуі мүмкін, мен сол кардта боламын”, — деді Данияр Елеусінов.

Данияр жаңа промоушенмен келісімшартқа отырып, қомақты гонорар мен рейтингілік жетістіктер үшін бонус алуға мүмкіндік алды. Егер ол титулын қорғай алса, 750 000 АҚШ долларына дейін табыс табуы мүмкін. Сонымен қатар лига әр спортшыға бес ай сайын кем дегенде бір жекпе-жек өткізуді кепілдейді.

ФОТО: runasport.com

TKO Boxing лигасы 2025 жылдың 5 наурызында таныстырылды. Жоба авторлары — UFC басшысы Дана Уайт пен Сауд Арабиясы ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки әл аш-Шейх. Лига “ең мықтысы ең мықтысына қарсы” қағидасы бойынша UFC жүйесіне ұқсас рейтингтік жүйемен жұмыс істейді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов — тек Олимпиада чемпионы емес, қазір IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы саналады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір