
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов отбасымен бірге Франция астанасы Парижге аттанды.
Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов отбасымен бірге Франция астанасы Парижде демалыста жүр. Әлеуметтік желіде танымал спортшының жанұясымен бірге Шарль де Голль әуежайында жүргені жарияланды. Бұл сәтті жұбайы Instagram-дағы Stories-те бөлісті деп хабарлайды offside.kz.
Кадрда Сметов ұлын чемоданның үстіне отырғызып, эскалатормен төмен түсіп келеді. Оқырмандар бұл сәтті ерекше қабылдап, 32 жастағы спортшының отбасына деген қамқорлығын атап өтті.
Жыл басынан бері Елдос Сметов халықаралық жарыстарға тыңғылықты дайындық жүргізіп келеді. Ол Ұлыбритания, Италия және Франциядағы оқу-жаттығу жиындарына қатысып үлгерді. Жиі сапарларға қарамастан, Сметов отбасына да уақыт бөліп жүргенін де байқатты.
Айта кетейік, дәл осы Парижде Елдос дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған болатын.