Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Қазақы стиль жоғалды": Олимпиада чемпионы Қазақстан боксындағы басты проблеманы атады

Редактор Penalty.kz
08.04.2025, 12:55

2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қазіргі қазақ боксының басты мәселелерінің бірі — ұлттық стильдің жойылуы екенін алға тартты.

sports24.kz
sports24.kz

Сәрсекбаевтың айтуынша, оның буыны рингте аяқпен белсенді жұмыс істеген. Қазіргі жас боксшылар бұл дағдыдан алшақтап барады.

“Менің ойымша, “қазақы стиль” дегеніміз енді жоқ. Бұрын біз үнемі қозғалыста болатынбыз. Бір орында тұрып қалмай, қимыл арқылы басымдыққа ие болуға тырысатынбыз. Қазіргілер мүлде басқа. Боксшыларды қимылдауға көндіре алмаймыз, орнында тұрып алады да, соққыны блокпен тосып тұра береді”, — деді Олимпиада чемпионы.

Сондай-ақ Сәрсекбаев бокс техникасындағы қарапайым, бірақ маңызды элементтердің де назардан тыс қалып жатқанын атап өтті.

“Бұрын біз “алдыңғы қолмен” жұмыс істеуге көп мән беретінбіз. Қарсыласты осы тәсілмен адастырып, сенімсіздікке ұшырататынбыз. Қазір боксшылар тым көп үзіліс жасайды. Рингте тұрып, еш әрекетсіз қарсы соққыны тосады. Мұндайды біз кезінде мүлде қабылдамағанбыз”, — деді ол.

Сәрсекбаев заманауи боксшылардың қарсыласқа психологиялық қысым жасау қабілетінің әлсірегенін де сөз етті.

“Егер қарсыласың екі-үш рет мүлт кетсе, сенімсіздік пайда болады. Біз осы әдісті жиі қолданатынбыз. Қазір мұны да ұмытқан”, — дейді Бақыт Сәрсекбаев.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 2
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір