Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Жаттығуды тиіп-қашып жасайды": Бас бапкер әлем чемпионы Ризабек Айтмұханды сынға алды

Редактор Penalty.kz
11.04.2025, 07:33

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға 97 келіге орнығу үшін әлі көп еңбектену керек. Мұндай пікірді еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов айтты. 

odo-kures.kz
odo-kures.kz

Бұл туралы Sportbugin.kz жазды. 

"Ризабекке қазір көп жаттығу қажет. Күші жоқ екені сырттан-ақ көрініп тұр. Оған ауыр, қара жұмыс істеу керек. Темір көтеру керек. Кем дегенде, бір жыл бойы жалпы дене жаттығуын үзбеуі тиіс. Тауда жүгіруі қажет.

Ол қазір жаттығып жүр, бірақ жеңіл жаттығулар ғана. Тиіп-қашып жасайды. Оның үстіне, жеке бапкері өзінің әкесі болғандықтан, баласын көп жағдайда аяп қалады. Оған мықты бапкер керек.

Алайда, 97 келі оған әлі ауыр боп тұр. Егер бұл салмақта өзін мойындатамын десе, жиналу керек", — деді Құрамысов.

Мадияр Құрамысов. ФОТО: time.kz

Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан Амманда (Иордания) өткен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Финалда ол жапониялық Араш Йошидаға есе жіберді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 11
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір