Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Нокаутпен аяқталған спарринг": Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионымен жұдырықтасты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Желіде таралған видео: Әлімханұлы мен Адамес жекпе-жегі. 

"Нокаутпен аяқталған спарринг": Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионымен жұдырықтасты (ВИДЕО)
sports.kz

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17 жеңіс, 12 нокаут) Доминикан Республикасынан шыққан WBC чемпионы Карлос Адамеспен (24 жеңіс, 1 жеңіліс, 1 тең) спарринг өткізді. Аталған жекпе-жектің видеосы X әлеуметтік желісінде пайда болды.

Бейнежазбаға мынадай сипаттама берілген:

"Жәнібек мүлде басқа деңгейде. Ол Адамеске де өзгелерге жасағанын жасайды — нокаутпен аяқталатын нағыз шеберлік сабағын көрсетеді".

Жәнібек Әлімханұлы қазір орта салмақтағы ең мықты боксшылардың бірі саналады. Оның қарсыласы Карлос Адамес те бұл салмақтағы WBC белбеуінің иесі.

Орта салмақта тағы бір атақты чемпион — кубалық Эрисланди Лара (31 жеңіс, 3 жеңіліс, 3 тең нәтиже, 19 нокаут) WBA титулын иеленіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір