Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Өзбек боксшысы отбасындағы қайғыдан рингте жылап жіберді

Сарапшы, спорт журналисі

Шахрам Гиясов аргентиналық Франко Максимилиано Окампоны нокаутпен жеңіп, жан тебірентерлік жеңісін өмірден өткен қызына арнады.

Өзбек боксшысы отбасындағы қайғыдан рингте жылап жіберді
NUR.KZ

АҚШ-та өткен кәсіпқой бокс кешінде өзбекстандық Шахрам Гиясов (17-0, 10 КО) аргентиналық Франко Максимилиано Окампоны (17-3, 8 КО) нокаутпен жеңіп, жан тебірентерлік жеңісін өмірден өткен қызына арнады.

Рингтегі көз жасы: “Бұл жеңіс – қызым үшін”

Атлантик-Сити қаласында өткен айқаста Гиясов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, жекпе-жек аяқталған сәтте эмоциясын жасыра алмай, рингтің ортасында көз жасына ерік берді. Оның айтуынша, бұл жеңісті ол биыл наурыз айында қайтыс болған екі жасар қызына арнаған.

«Бұл жекпе-жек – менің қызыма арналады. Бұл жеңіс – қызым үшін. Мен оған әлем чемпионы боламын деп уәде берген едім», – деді Гиясов көзіне жас алып.

Ғиясовтың спорттық жолы мен естелігі

30 жастағы Шахрам Гиясов – кәсіпқой рингте жеңіліс көрмеген боксшы. Бұл оның 17-ші жеңісі болды. Бұған дейін, 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында күміс жүлде иеленіп, финалда қазақстандық Данияр Елеусіновке жол берген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір