Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық боксшы Ресейдегі турнирде қарсыласын талқандап, медальге жақындады

Редактор Penalty.kz
17.04.2025, 12:09

Қазақстан құрамасының бұрынғы үздік боксшысы Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан халықаралық жарыста жарқын жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.

kazsports.kz
kazsports.kz

Хабаровскіде Константин Коротковты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирдің үшінші күні өтіп жатыр. 60 келі салмақ дәрежесінде ширек финалдық жекпе-жегін өткізген Римма Волосенко моңғолиялық Монхкор Намуунмен қолғап түйістірді.

Қазақтандық боксшы рингте өзін сенімді ұстап, қарсыласынан барлық жағынан басым түсті. Қазылар алқасының шешімі бір ауыздан шықты — 30:27 есебімен Волосенконың пайдасына.

Бұл жеңістің арқасында Римма турнирдің жартылай финалына өтті. Демек, ол кем дегенде қола медаль иеленіп отыр.

Айта кетейік, Волосенко былтыр Қазақстан құрамасының 60 келідегі негізгі мүшесі мәртебесін жоғалтқан болатын. Бұл орынға Виктория Графеева келді. Ол 2024 жылы Азия чемпионы атанып, биыл Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында финалға дейін жетті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір