
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізіп, керемет нәтиже көрсетті.
67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Базарбайұлы алғашқы айналымда беларусьтік Даниил Титкомен кездесіп, жекпе-жекті бар болғаны бірінші раундта-ақ аяқтады.
Мұхаммедсабыр қарсыласын екі рет тұрып қалған нокдаунға жіберіп, артынша төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жарысты сенімді түрде бастады.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 2024 жылы Париж Олимпиадасына қатысып, 63,5 келі салмақта ширек финалға дейін жеткен. Сол жылы Тайландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында да дәл осы деңгейге дейін барды.