Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Азия чемпионатында үш қазақ боксшысы жартылай финалға шықты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
23.04.2025, 12:00

Иордания астанасы Амманда жасөспірімдер арасында бокстан Азия біріншілігі өтіп жатыр. Қазақстандық үш боксшы жартылай финалға жолдама алды.

instagram/@boxingkazakhstan
instagram/@boxingkazakhstan

Аталған турнир жаңадан құрылған World Boxing ұйымының 15-17 жас аралығындағы жас спортшыларға арнаған алғашқы ресми құрлықтық чемпионаты болып отыр. Бұл додаға Азияның 18 елінен 400-ден астам үміткер қатысып, шеберлігін сынға салуда. Қазақстаннан да ұл-қыздарымыз бақ сынап жатыр. 

Кезекті жарыс күні ширек финалдық кезең өтті. Бұл кезеңде елдің үш жас боксшысы қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, үздік төрттікке енді:

  • Біржан Жақып – 37 келі салмақ дәрежесінде;
  • Қуаныш Халимбет – 40 келі;
  • Шыңғыс Ахметов – 49 келі.

Үшеуі де жартылай финалға өткендіктен, кемінде үш қола медаль еншіленді деген сөз. Ал бұл жүлделердің түсі – алтын, күміс, әлде қола болатынын алдағы күндер көрсетеді.

Өкінішке қарай, Дәулет Теңелбай, Аслан Қайранбай және Жігер Жұман өз жекпе-жектерінде жеңіліп, жарысты ерте аяқтады. Дегенмен қалған боксшыларымыз жарыс жолын бүгін жалғастырады.

Азия чемпионатының жалпы қорытындысы мен жеңімпаздары 30 сәуірде белгілі болады. Қазақстан құрамасының қоржынындағы медаль саны әлі де артуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір