Астанада таэквондодан халықаралық турнир өтеді

Сарапшы, спорт журналисі

2025 жылдың 14–16 тамыз аралығында Астанада таэквондодан ірі халықаралық — Kazakhstan Open G-1 турнирі өтеді.

Астанада таэквондодан халықаралық турнир өтеді
olympic.kz

Бұл шара World Taekwondo — Халықаралық таэквондо федерациясының ресми күнтізбесіне енгізілген.

Үш күнге созылатын байрақты бәсекеде әлемнің түкпір-түкпірінен келген кадеттер, жасөспірімдер және ересек спортшылар жекпе-жек алаңына шығады. Турнирдің ауқымы мен мәртебесі спорт әлемінің назарын Астанаға аударады.

Жекпе-жектер Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ұйымдастырылады. Бұл – халықаралық деңгейдегі жарыстарды қабылдауға лайық заманауи спорт нысаны.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір