Таэквондошылар Азия чемпионатында бес медаль еншіледі
Қытайдың Уси қаласында таэквондодан Ашық клубтық Азия чемпионаты басталды.
instagram/@qaz.tkd
Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Олар жалпы саны бес медаль жеңіп алды:
Мария Севостьянова (57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) алтын медаль иегері атанды.
Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары салмақта) күміс медаль жеңіп алды.
Қола медаль иеленген спортшылар:
- Әлтаир Өмірбеков (74 келіге дейін),
- Батырхан Төлеугали (80 келіге дейін),
- Нодира Ахмедова (49 келіге дейін).
Ашық клубтық Азия чемпионатына 14 елден 219 спортшы қатысып жатыр. Бұл дода спортшылар үшін өз шеберліктерін көрсетіп, халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауға тамаша мүмкіндік саналады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet